Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Премьер-министр: пандемия кезіндегі тәжірибеге ауысуымыз керек

Үйден жұмыс істеп, жанармайды үнемдеу керек. Премьер-министр Таяу Шығыстағы дағдарыстың салдарынан тұрғындарға шұғыл үндеу жасады. Үндістан премьері Нарендра Моди ел азаматтарын пандемия кезіндегі тәжірибеге қайта оралуға шақырды. Дәлірек айтқанда, қашықтықтан жұмыс режиміне ауысып, бензин, дизель мен газды барынша үнемдеп, шетелге саяхаттауды әзірге кейінге қалдыруға үндеді. Үкімет басшысы қазіргі уақыт талабы сондай дейді. Бұдан бөлек, Нарендра Моди тұрғындарды мерекелер кезінде бір жыл бойы алтын сатып алудан бас тартуды ұсынды.

← Все новости