«Астана» ойыншысы әлем чемпионатына қатысады. Елордалық команданың футболшысы Иван Башич Босния және Герцоговина құрамасы сапында өнер көрсететін болды. Жас жігіт арнайы шақырту алыпты. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі дода бір айдан соң басталады. Башич өнер көрсететін команданың топтық кезеңдегі қарсыластары – Канада, Швейцария мен Қатар екен. Дүбірлі бәсеке бас-аяғы 39 күнге созылып, АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өткізіледі.