Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Риммен байланыс орнатқан

Еліміздің батысында кезінде Рим, Қытаймен байланыс орнатқан ежелгі қаланың орны табылды. Маңғыстаудағы Қарақабақ қалашығында археологиялық зерттеу әлі жалғасып жатыр. Ғалымдар шамамен екі мың жылдық тарихы бар орын кезінде халықаралық сауда мен қолөнердің орталығы болған дейді.

Қазба жұмыстары кезінде табылған Византия, Парсы мен Қытайдың ақшалары, қыштан жасалған ыдыстар – соның дәлелі. Маңғыстаудың атқарушы билігі осы аумаққа ғылыми-археологиялық база мен мұражай жасауды жоспарлап отыр. Бұл өңірдің тарихы мен мұрасын әлемге паш етіп, әрі ішкі туризмнің дамуына ықпал етпек.

НҰРТАС САЛИ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Рим ғалымы Клавдий Птолемейдің ІІ ғасырда түсірген Каспий теңізінің картасында «Аспабота» деп Каспийдің шығыс жағалауындағы қаланы осы Қарақабақ қалашығымен сәйкес деп отыр.

← Все новости