Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Жетісу облысында бұрын зерттелмеген 130 түрлі жәндік анықталды

Жетісу облысында бұрын-соңды зерттелмеген 130 түрлі жәндік бар екен. «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының ғалымдары бірлесіп, осындай жаңалық ашты.

ӘСЕМ ҚАНАПИЯНОВА, БИОЛОГ-ЭНТОМОЛОГ:

Жиналған бастапқы материалдармен біз түрлерін анықтап, олардың бәрінің мекендейтін жерлерін, немен қоректенетінін анықтаймыз. Халықаралық сайт бар, сол сайт арқылы қарап, соған жаңадан мәліметтер енгіземіз, бар болса.

Ұлттық парк қызметкерлерінің 5 жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде таулы аймақтарда 784 түрлі жәндіктің мекендейтіні анықталды. Биолог Әсем Қанапиянова әріптестерімен бірге ерте көктемнен қара күзге дейін экспедиция жасап, ұсақ жәндіктерді зерттеумен айналысады. Әрқайсысын жеке суретке түсіріп, ғылыми сипаттамасын әзірлейді.

Ғалымдар «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркінде зерттеу жұмыстарын әлі де күшейту қажет дейді. Өйткені бұл өңірде жәндіктердің түрі 5 мыңға жетіп жығылуы ықтимал. Оның арасында тек осы өлкеде ғана кездесетіндері де бар. Қазірдің өзінде ғалымдар мұндай жәндіктердің 16 түрін анықтаған.

РОМАН ЯЩЕНКО, ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоңғар Алатауының фаунасы өте ерекше. Біз ғылымға белгісіз жәндіктердің жаңа түрлерін анықтадық. Олардың сипаттамасына дейін жазып, зерттеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс табиғи мұрамызды және тұтас экологияны сақтау үшін қажет әрі маңызды.

← Все новости