Атырауда әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті. Қармағын асынған азаматтар арасында топтық сайыс ұйымдастырылды. Додаға 25 команда жиналды. Қатысушылардың ең жасы — 17-де, ең үлкені — 70 жаста. Турнир талаптары баршаға бірдей болды. Рұқсат етілмеген тәсілдерді қолданған немесе сырттан балық әкелгендер бірден шеттетілді.
ТИМУР МОЛДАШЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Енді гран-при — 300 мың теңге, екінші орын — 200 мың теңге, үшінші орын — 100 мың теңге. Және де басқа да шаралар бар. Арқан тартыс, қол күрес бар. Қой көтеру бар. Кім көп көтерген адам сол қойды өзімен бірге алып кетеді.
ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНАЛИЕВ, ҚАТЫСУШЫ:
Мен үшін балық аулау ер адамдардың демалысы. Менің хоббиім және демалысым. Әр сайысқа қатысам. Осының алдында үшінші орын алдым, одан кейін екінші орын алдым. Бүгін енді алғашқы балық аулау бұйырып тұр.