Перейти к содержимому

Әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

Атырауда әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті. Қармағын асынған азаматтар топтық сайысқа түсті. Додаға 25 команда жиналды. Қатысушылардың ең жасы — 17-де, ең үлкені — 70-те. Турнир талаптары баршаға бірдей болды. Рұқсат етілмеген тәсілдерді қолданған немесе сырттан балық әкелгендер бірден шеттетілді.

ТИМУР МОЛДАШЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Енді гран-при – 300 мың теңге, екінші орын – 200 мың теңге, үшінші орын – 100 мың теңге. Және де басқа да шаралар бар. Арқан тартыс, қол күрес бар. Қой көтеру бар. Кім көп көтерген адам, сол қойды өзімен бірге алып кетеді.

ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНАЛИЕВ, ҚАТЫСУШЫ:

Мен үшін балық аулау – ер адамдардың демалысы. Менің хоббиім және демалысым. Әр сайысқа қатысам. Осының алдында үшінші орын алдым, одан кейін екінші орын алдым. Бүгін енді алғашқы балық аулау бұйырып тұр.

← Все новости