Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Голливудта киноға түскен тұңғыш қазақ актері

Голливудта киноға түскен тұңғыш қазақ актері 85 жасқа толды. Өнердегі жолын ауылдағы қисса-дастан айтудан бастаған Нұржұман Ықтымбаев жарты ғасырдан астам ғұмырын қазақ кинематографиясының дамуына арнады.

Ол «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы жыр», «Нан дәмі», «Балалық шаққа саяхат», «Көксерек», «Орман балладасы», «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдерінде» ойнаған рөлдерімен көрерменнің есінде қалды.

Дегенмен Нұржұман ағаны көбі экрандағы қатал мінезді, өткір көзқарасты кейіпкерлері арқылы танығанымен, кинодағы айбынды образдардың иесі өмірде өте қарапайым жан. Бос уақытында домбыра тартып, ән айтқанды жақсы көреді. Жұбайы Шолпанмен бірге 50 жылдан астам уақыт өмір сүріп, бүгінде үш бала, бірнеше немере-шөбере сүйіп отыр.

 

Нұрай Құрақпай

← Все новости