Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Халық жазушысы Олжас Сүлейменов 90 жасқа толады

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов 90 жасқа толады. Халық жазушысының мерейтойы қарсаңында халықаралық әдеби-ғылыми конференция өтті. Қазақстан, Беларусь, Ресей ғалымдары мен әдебиеттанушылары ақынның әдеби мұрасы мен әлем әдебиетіндегі орны туралы ойларымен бөлісті.

ГҮЛЖАҺАН ОРДА, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Олжас Сүлейменовтың «тарихқа дейінгі түркология» деп атайтын зерттеу еңбектерінде, «Аз и Я» туындысында болсын, славян-түрік тілін терең зерттегені көрінеді. Көптеген орыс тіліндегі сөздердің түп төркіні түркі халықтарынан алынғанын Олжас Сүлейменов жан-жақты зерттеген болатын.

Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеудегі әдеби институтқа түскен соң артынша Алматыға келіп, «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істейді. 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанда бас редактор өлең жазуды тапсырады. Шығармасы газетте жарияланып, кейін оны «Адамға табын, Жер, енді» атты поэмаға айналдырады. Бұл туындысы ақынды жалпақ жұртқа кеңінен танытты. Олжас Сүлейменов шығармалары шет тіліне ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Ал 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысын құрып, әлемде ядролық полигондарды жабуға мұрындық болды.

БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИН, «ҚАЗАҚ ПЕН-КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол түгел өзіміздің жерімізді, планетамызды тазартып, ядролық полигондарды жаптырды. Бұл үлкен ерлік. Мен ойлаймын, осындай ерлігі үшін ол кісіге Нобель сыйлығын беру керек. Тек қана ақындығы емес, осындай ерлігі үшін.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости