Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Отандастарымызды елге жеткізуге 4 млн доллар кеткен

Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан кезде от пен оқтың ортасында қалған қазақстандықтарды эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалған. Жүйелі жұмыстың арқасында қақтығыс аймағынан 14 мыңнан астам отандасымыз елге аман-есен жеткізілді. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қомақты қаржының бір бөлігі әуе компанияларының шығынын өтеуге, қызмет ақысын жабуға және сақтандыру төлемдерін қаржыландыруға жұмсалыпты.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Өздеріңіз білесіздер, ол жақтағы жолаушылардың бір бөлігі қайтар билет сатып алған еді. Демек, әуе компанияларының қызметі ішінара төленген. Оған сәйкес біз сақтандыру тәуекелдеріне байланысты қосымша шығындарды жаптық. Сонымен қатар азаматтардың бір бөлігін Дубайдан жағдай тұрақтырақ көрші елдерге жеткізу қажет болды.

← Все новости