Перейти к содержимому
· 5 просмотров

«BIKEN FEST» IV халықаралық театр фестивалі басталды

Халықаралық театрлардың басын қосқан іс-шара. Жетісу облысында Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римова атындағы «BIKEN FEST» халықаралық театр фестивалі басталды. Осымен төртінші мәрте өтіп отырған жобаға Түркия, Грузия, Өзбекстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнер иелері қатысып жатыр. Мәдени жиын осылай театрлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, отандық өнерді әлем кеңістігіне танытуды және Бикен Римованың рухани мұрасын дәріптеп, есімін ұлықтауды көздейді.

САҒЫНДЫҚ ЖҰМАДІЛ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Биылғы фестивальдің маңызы — көптеген фестивальдерде жүлделі орындар беріп, ойнаған күні қайтадан қайтатын. Ал біз осы жолы барлық келген театрдың бәрін, 8 театр қатысады, оның үшеуі шетелден, сол кісілердің бәрін осы фестиваль басталған күннен аяқталған күнге дейін бірге болып, өздерінің әріптестерімен пікір алысып, бір-бірінің ойынын көріп, тәжірибе алмасу ең маңызды деп ойлаймын.

ЗАЛЕ КАРАБЕКИР, ТҮРКИЯЛЫҚ ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Театр әртүрлі болғанымен, бәрі тіл арқылы байланысады. Ал біздің ортақ тілдік тамырымыз бар. Осы тұрғыда бір-бірімізден үйренетін, бөлісетін дүниелер көп деп ойлаймын. Мәдениеттеріміз де өте ұқсас. Енді сахнада қандай жұмыстар жасай аламыз, қандай бірлескен жобалар болады, соны көреміз. Сондықтан Қазақстанға келу, осындай фестивальге қатысу бізге үлкен қуаныш сыйлайды.

← Все новости