Перейти к содержимому
· 6 просмотров

82 жастағы қария әлемді бағындырды

Оңтүстік Африканы бағындырған 82 жастағы желаяқ елге аман-есен оралды. Кейптаун қаласында өткен марафонда Салтанат Түйтебаев әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықтылармен иық тіресе, 42 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Сапардан олжалы қайтқан қарияны елорда жұртшылығы Астана әуежайынан дүркіретіп күтіп алды. Айта кетерлігі, ардагер спортшы жарыс ортасында жарақат алып қалыпты. Бірақ соған қарамастан қайтпас қайсарлығының арқасында мәре сызығына дейін жетіпті.

САЛТАНАТ ТҮЙТЕБАЕВ, МАРАФОНШЫ:

11 шақырымда жарақат алып, тізеден бастап табаныма дейін бәрі ісіп кетті. Бірақ та қалай болса да, 30 шақырым бар. Қалай болса да жету керек болды. Мысалы, айтып отырмын ғой, 6 сәуір күні мақтанышым емес, солай жағдай болды. 3 сағат 56 минутта жүгірсем, қазір 7 сағат 28 секундта келдім. Бірақ та келдім.

Қажырлы қарияның бұл жалғыз жеңісі емес. Ол еліміз бен шетелде ұйымдастырылған халықаралық марафоннан мүмкіндігінше қалыс қалмайды.

МЕЙРАМҒАЗЫ САПАРҒАЛИЕВ, ҚР СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл кісі енді бірінші марафоны емес, бұған дейін де бірнеше марафонға қатысып, ол жерде жүлделі орындарға ие болған болатын. 75-79 жас аралығындағы марафонда ол кісі бас жүлдеге қол жеткізсе, одан кейін тағы да бір өткен 80 жас аралығындағы марафонда күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Бұл кісі енді кәсіби тұрғыда спортшы емес, бірақ осындай саламатты өмір салты, соның ішінде өзінің кәсіби спортты дағдылауы бойынша үлкен дайындықтан өтіп, үлкен қашықтықтар мен белестерді бағындырып жүрген адам.

← Все новости