Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Енді домбыра үйрену оңай

Енді нота танымай-ақ, домбырада күй тартып, үйрену оңай. Теріскейде жас мұғалім көптің арманын орындап, ерекше аспап ойлап шығарыпты.

Дина Нұрпейісованың есімі берілген ерекше жобаның авторы – Берік Аманжолов. Жас ұстаз кезінде зауытта инженер болып жұмыс істепті, қазір ауылдық мектепте сабақ береді. Сөйтіп, мұғалімнің техникалық білімі мен өнерге деген махаббаты ұштасып, осындай әдемі дүние жарыққа шығыпты. Енді заманауи технологиялардың арқасында мүлде музыкалық білімі жоқ жандар да ұлттық аспапты қиындықсыз меңгеріп, күйлерді үйрене алады.

БЕРІК АМАНЖОЛ, ЖОБА АВТОРЫ:

Қазір біз бұл домбыраның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп береміз. Мысалы, Абай атамыздың әуені «Көзімнің қарасын» қосамыз. 3, 2, 1…

Әзірге еліміз бойынша мұндай аспаптың баламасы жоқ. Алдағы уақытта бұл инструментке жасанды интеллект енгізіліп, осы арқылы балалар күйлерді үйреніп қана қоймай, домбыра туралы ақпарат біліп, түрлі тапсырмалар орындай алады, дейді жоба авторы.

ЕКАТЕРИНА СЕРБИНА, ОҚУШЫ:

Бұл домбырада күй үйренген өте қызық әрі ыңғайлы. Тіпті ешқандай музыкалық білімің болмаса да, тез-ақ меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Мен домбыра аспабын жақында ғана қолға алып едім, соның өзінде бүгін де біраз шығарманы үйрендім. Бұл өте керемет деп ойлаймын.

Нұрай Құрақпай

← Все новости