Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады?

UFC жұлдызы, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жарақатынан кейін жаттығуға қайта кірісті. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның бапкерінің бақылауымен спарринг өткізіп жатқаны көрінеді. Шавкат Рахмонов бұл жолы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген мазмұндағы сөздерін алға тартып, асықпай баяғы бабына оралып жатқанын жеткізді. Енді жанкүйерлері файтердің октагонға қашан оралатынын жаппай талқылап әлек. Бірақ мамандар Рахмоновтың UFC-ге қайта оралуына бірнеше ай қажет болатынын айтып отыр.

Ғалымжан Кенжебеков

← Все новости