Роза Бағланованың көршілері аңыз адамға ерекше құрмет көрсетті. Олар әнші тұрған үйге мурал салдырыпты.
Аты аңызға айналған халық әртісінің портретін суретшілер 9 қабатты ғимараттың қабырғасына ілген. Бұл сол үйдің тұрғындарының әкімдікке жасаған өтініші көрінеді. Ол да кездейсоқ емес, өйткені әнші кезінде осы баспанада тұрған. Бұрынғы көршілері һәм тыңдармандары мурал – бұлбұлдың өнеріне деген құрмет пен тағзымның символы дейді.
Гүлназия Амирханова