Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Қарағандыда ерекше көрме ашылды

Қарағандыда Балаларды қорғау күніне орай ерекше көрме ашылды. Қалалық Суретшілер одағының «Алтын ғасыр» галереясында жас қылқалам шеберлерінің 300-ге жуық туындысы қойылған. Көрмеге 5 пен 15 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар сурет салып қана қоймай, экспозицияны безендіруге де атсалысқан. Биыл олар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің жаңа техникаларын меңгеріпті. Көрмеге акрилмен, маркермен салынған жұмыстар мен табиғи материалдардан жасалған бұйымдар қойылды.

НАТАЛЬЯ КИСЛЕР, БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Көрмеге 5 пен 15 жас аралығындағы балалардың жұмыстары қойылды. Кішкентай қонақтарға арнап қызықты байқаулар мен музыкалық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жас суретшілер енді күзде өтетін дәстүрлі жәрмеңке-көрмеге дайындықты бастайды.

← Все новости