Павлодарлық хирург медициналық құрылғы құрастырып, патенттеп алды. Оны тік ішекке жасалатын операция кезінде қолданады. Ерасыл Мырзаханов зондты инженерлермен бірге сегіз ай бойы жинастырып, сынақтан өткізген. Икемді түтіктің артықшылығы — ішек жолдарымен оңай өтеді, әрі ота жасаған жерге зақым келтірмей, тез жазылуына ыңғайлы.
ЕРАСЫЛ МЫРЗАХАНОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГІ:
Лазер арқылы ота жасағанда мұндай түтіктер болмайтын. Дәрігерлерге талшықты лазер арқылы жалғау да біраз қиындық келтірді. Амал жоқ, дәрі тамызатын құрылғының пластмассасымен жалғайтын едік. Сондай кезде зонд құрастыру туралы ой келді.
Өнертапқыш дәрігер құрастырған зондты екі жыл бұрын ауруханада сынақтан өткізген. Содан бері бес жүзден астам отада қолданыпты.
Ақбаян Сұлтанмұратова