Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Президент Оңтүстік және Орталық Азияның арнайы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілін қабылдады. Серджио Гормен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев C5+1 диалогының маңызына тоқталып, дипломаттың оған қатысуын құптайтынын жеткізді. «Бұл АҚШ сынды алпауыт елдің Қазақстан мен Орталық Азиядағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін айқындай түседі» деп атап өтті. Әрі АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласын жолдап, G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ тараптар көлік-логистика, цифрландыру саласын талқылап, өңірлік және жаһандық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

← Все новости