Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Конституциялық реформа — жаңғырудың жаңа жолы

Жер-жаһанда қоғам өзгеріп, халық талабы күшейген тұста, мемлекет те сол үрдіске бейімделе бастайды. Бұл ретте еліміз өз миссиясын орындауы үшін үлкен қадам жасады. Ол – жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұқараның игілігі үшін өзгерген құжат енді күшіне енеді. Одан кейін не өзгеруі мүмкін? Жаңғырудың жаңа жолындағы мүмкіндіктер жайлы сарапшылардың пікірін білген әріптесім тарқатады.

15 наурызда халық дауыс беріп, азаматтардың 87 пайызы қолдаған жаңа Конституция әне-міне дегенше күшіне енбек. 1 шілдеден бастап елдің саяси және құқықтық жүйесі жаңа құжат негізінде жұмыс істей бастайды. Осы орайда сарапшылар мемлекеттік басқару тетіктері түбегейлі жаңғырған құжаттың басты ерекшелігін былай түсіндірді.

ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Біздің Конституцияның ерекшелігі – цифрлық дәуірге қатысты құқықтарды реттейтін норма бар. Яғни Конституцияның 21-бабында әр азаматтың жеке мәліметінің жасалуы, әзірленуіне мемлекеттік органдар кепілдік береді. Бұл бір ерекшелік. Ал екінші ерекшелік – Конституцияда ұлттық құндылықтардың сақталуы. Ол преамбуласында да белгіленген. Сондықтан бұл Конституция қоғамның қажеттілігінен, қоғам мүшелерінің белгілі бір сұраныстарынан туындады деп айта аламыз.

Сондай-ақ саясаттанушылар атап өткен тағы бір маңызды өзгеріс – бас құжатта Халық кеңесі мәртебесінің айқындалуы. Олардың пікірінше, бұл алаң билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайта түседі.

РИЗЗАТ ТАСЫМ, ҚҚДИ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы жылдары кеңесуші демократия механизмдері қарқынды дамып келе жатыр. Мысалы, бұған дейін эксперттік талқылауда, дөңгелек үстелде барлық ұсыныстар айтылған күннің өзінде ұсыныс ұсыныс ретінде қалады деген. Ал енді жаңа Конституцияда Халық кеңесі басты консультативті кеңесші орган ретінде енгізіліп отыр. Ондағы басты ерекшелік – заңдық бастамашы құқығы бар.

Ал заңгер Айсана Сман қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған жаңа жоба ресми түрде қолданысқа шыққан соң, онда жазылған барлық норма екі-үш айдың ішінде жүзеге асуға тиіс дейді.

← Все новости