Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Президент Ерлан Қошановқа алғыс айтты

Ерлан Қошанов Президенттің ілтипатына бөленді. Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының бұрынғы төрағасына аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі атқарғаны әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне партияның елеулі үлес қосқанын атап өтті. Сонымен қатар Президент саяси ұйымның жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешіміне ризашылығын білдірді. Президент Қошановқа ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

← Все новости