Перейти к содержимому
· 4 просмотра

АҚШ-та отандасымыз жоғалып кетті

АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отандасымызға қатысты тың дерек шықты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осы мемлекетте Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Қазір америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр екен.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстан Республикасының СІМ АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі таңда америкалық тарап қажетті процедураларды жүргізуде. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Еске салайын, бұған дейін АҚШ-та 24 жастағы отандасымыз ізім-ғайым жоғалып кеткені жайлы айтқан едік. Әсет Құралбай жақындарымен 2 маусым күні соңғы рет хабарласып, сөйлескен. Ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі. Жас жігіт үйіне барлық құжаттары мен әмиянын қалдырып кетіпті. Бірнеше күн іздеуден соң, жергілікті полиция оның автокөлігін тауып алған.

← Все новости