Төрткіл дүние футбол мерекесін тойлап, әлем чемпионатына көз тіксе, бас қалада да фиджитал футбол бойынша ауқымды жарыс басталайын деп жатыр. Күні кеше іріктеу кезеңі аяқталыпты. «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі аясында Қазақстанға әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы келеді деп жоспарланған. Қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша кіл мықтыны анықтайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл турнир туристік ағынды ұлғайтып қана қоймай, қала тұрғындары үшін де тартысты ойындарды тамашалауға мүмкіндік береді. Жарыс 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астананың төрт спорт нысанында қатар өткізіледі екен.
ДЭН МЕРКЛИ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ФИДЖИТАЛ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Астана бұл халықаралық турнирге өте жоғары деңгейде дайындалыпты. Бәрі керемет. Барша тұрғындарды бұл тартысты жарыстарды тамашалауға шақырамын. «Болашақ ойындарынан» қапы қалмаңыздар.