Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Джеки Чан Қазақстанда

Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысатын фильмнің түсірілімі Маңғыстауда басталды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, «Құдіретті сауыт: Ультиматум» картинасының негізгі алаңы ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. Қазірдің өзінде 35 адамнан тұратын шығармашылық топ өңірде жұмысқа кірісіп, фильмге қажетті бірнеше көріністі түсіріп үлгерген. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, бұл жоба отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға болмақ. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі фильмнің Маңғыстауда түсірілуі өңірдің туристік әлеуетін танытып, ішкі туризмнің дамуына серпін береді деп күтілуде.

← Все новости