Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру қымбаттады. Бірақ билет бағасының көтерілуі тек шетелдіктер үшін ғана өзгерді. Мәселен, Ясауи музейі мен сирек жәдігерлер залына кіру құны алыс елден келгендер үшін 5000 теңге болса, ТМД-дан келген азаматтар үшін 2000 теңге болып бекітілді. Ал өз еліміздің тұрғындары үшін үлкендерге кіру ақысы 1000 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге 500 теңге. Демалыста оқушыларға кесене аумағына кіру тегін.