Елімізде қылмыс азайып келеді. Мәселен, биыл алғашқы бес айда тіркелген заңға қайшы әрекеттер былтырғымен салыстырғанда 9 пайыз төмендеген. Құқықбұзушылықтың бәсеңдегені және қылмысты ашу деңгейінің артуы осындай нәтижеге әкеліпті. Бұл жайлы Ақордада Президентке берген есебінде Ішкі істер министрі айтты. Ержан Сәденовтың сөзінше, полицейлер биыл 1700-ге жуық қылмысты ашқан. Бұдан бөлек, жедел іздестіру жұмыстарының арқасында жасырынып жүрген 574 қылмыскер ұсталған. Қашқындардың 90-ға жуығы шекара асқан екен. Сондай-ақ, сала басшысы киберқылмыс пен есірткіге және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде де жан-жақты айтып берді. Генералдың есебін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.