Перейти к содержимому
· 3 просмотра

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, байқау 10 номинация бойынша өтеді. Мәселен, «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика» мен «Спорт» сынды салаларда жүрген азаматтар қатыса алады. Ескеретін жайт, қатысушылардың жасы 35-тен аспауы шарт.

БІРЖАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

«Дарын» – бұл қатардағы марапат емес, еңбегіне, талантына, ізденісіне және ел дамуына қосқан нақты үлесіне берілетін мемлекеттік баға. Биыл «Дарын» сыйлығы еліміздің жаңа конституциялық кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Өздеріңізге мәлім, халықтың таңдауы мен жаңа Конституция қабылданды.

Айта кетейік, бұл марапат 1992 жылдан беріліп келеді. Осы уақытқа дейін 380-нен астам азамат «Дарын» атағын алған. Олардың қатарында елімізге танымал тұлғалар бар. Мәселен, көк туымызды желбіретіп жүрген Бахтияр Артаев, Серік Сәпиевпен қатар эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов, «МузАрт» тобы лауреат атанған.

← Все новости