Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Димаш челлендж жариялады

Димаштың жанкүйерлеріне керемет мүмкіндік. «Ақерке» әнін жарыққа шығарған халық әртісі тыңдармандары арасында байқау жариялады. Ол үшін жаңа әннің ырғағымен ешкімге ұқсамайтын би билеуіңіз керек. Сосын оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жөн. Байқау бірінші тамызға дейін жалғасады.

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Осы әннің дәл келесі үзіндісіне өздеріңіздің авторлық видеоларыңызды түсірсеңіздер, би билесеңіздер немесе қосылып бірге шырқасаңыздар, немесе креативті идеяны жүзеге асырсаңыздар болады. Ең көп қаралым жинаған видео авторын біз менің келесі түсірілгелі жатқан бейнебаянымның кейіпкері есебінде бізбен бірге жобаға алатын боламыз.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Все новости