Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Әскери бөлімнің жері заңсыз сатылып кеткен

Шымкентте құны 1 миллиард теңгеден асатын әскери мақсаттағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл жайлы Бас әскери прокуратура хабарлады. Жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер телімі Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі болғанымен, 27 жыл бұрын жекенің қолына заңсыз өтіп кеткені анықталыпты. Содан кейін тағы да бірнеше рет қайта сатылған. Прокуратура мен әскери бөлім бірлесіп сотқа жүгініп, барлық сатып алу-сату құжаттарын жарамсыз деп танытты. Нәтижесінде учаске мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.

← Все новости