Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Мемлекетті алдап, 251 млн теңгені иемденген

Жоқ сүтке субсидия алып, байыған. Алматы облысының кәсіпкерлері екі жыл бойы мемлекетті алдап, қаржыны заңсыз алып отырған. Кооператив басшылары ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт алу, сары май мен ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсыныпты. Салдарынан оларға бюджеттен бақандай 251 млн теңге заңсыз төленген. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, әлгі бизнесмен сымақтарда уәде еткен қызметті жүзеге асыру үшін не өндірістік қуат та, жабдық та, жұмысшы да атымен болмаған. Қулықтары әшкере болғандар сотталды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған «ComputerService» ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталды. Нәтижесінде бюджетке 416 млн теңге салық төленбеген. Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған «BMW» автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

← Все новости