Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Заң мен тәртіп – әр подъезден басталуы керек

Заң мен тәртіп әр подъезден басталуы керек. Алматыда ірі құрылыс компаниясы бизнес орталығын құрғалы жатқан ауласын түгел жаңартып, өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бостандық ауданындағы мына алты тұрғын үй 90 жылдары салынған. 300 әулет жылда өздері ақша жинап, подъездерін жөндеп, кем-кетігін реттейтін. Бірақ күрделі жөндеуден өткізуге шамалары келмеген. Осы орайда мердігер компаниямен келіссөзге келіпті.

ВАНДА КАЗАНЦЕВА, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл құрылыс біздің тұрғын үйге тиіп тұр. Сондықтан компания мен тұрғындар арасында өзара келіссөз жүргізіп, біздің жағдайымызды жасап беруін сұрадық. Олар келісе кетті. Корпусты қоршап, шлагбаум орнатып, домофон, есіктерді жаңартып жатыр. Өйткені біз, қарапайым халық, қанша ақша жинасақ та, қаражатымыз жетпеген. Өте қуаныштымыз.

Қазір подъезд түгілі бұл аулаға бөтен біреу кіре алмайды. Балалар үшін де қауіпсіз. 40 жыл бойы жөнделмеген тоқ пен инженерлік жүйелерін жаңартып жатыр. Тіпті лифтілеріне дейін бейнебақылау орнатқан. Тағы ойын алаңын жаңартып, түгел асфальт төсеуге уәде етіпті. Ол үшін компания 200 млн теңгеден астам қаражат бөліпті.

ІЛИЯС КАРБОЗОВ, «SABA GROUP KZ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жұмыстарды біз жақсы ниетпен жасап жатырмыз. Өйткені болашақта көрші боламыз. Ауланың жаңаруы, тазалығы тұрғындардың басты қауіпсіздігі деп ойлаймын. Заманауи жабдықталған жерде барынша тәртіп пен тазалық сақталады. Тұрғындар да өз ауласына балаларын емін-еркін, қорықпай жібереді. Біздің басты мақсатымыз да осы.

← Все новости