Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 129 просмотров

Ұшаққа төнген қауіп

Енді ұшақтарға кедергі келтіргендер 10 жылға сотталады. Әсіресе әуе кемесіне лазер түсіріп, әумесер қылық танытқандарға жаза қатаң. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Өйткені жарық сәулелердің кесірінен жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондай-ақ ұшақтарға ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттасаңыз да жауапкершілік жүгі ауыр. Егер қылмысы дәлелденсе, айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Айта кетейік, жаңа заң өткен жылдың қыркүйегінде қабылданған еді.

← Все новости