Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Елімізде 25 маусымнан бастап колледждерге құжат қабылдау басталады. Жаңа оқу жылына 140 мың грант бөлінген. Педагогикалық бағытты таңдаған талапкерлер эссе немесе диктант жазса, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан тапсырады. Құжат қабылдау мерзімі мамандық түріне қарай 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Талапкерлер құжаттарын eGov порталы арқылы немесе білім ордасына барып тапсыра алады. Сонымен қатар колледждерге қабылдау кезінде әлеуметтік санаттағы талапкерлер үшін арнайы квота қарастырылған.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости