Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Жанәбіловтердің телефоны аукционға шығарылды

Блогер Жанәбіловтердің тәркіленген телефондары аукционға шығарылды. Соңғы үлгідегі жап-жаңа 17 смартфонды нарықтағыдан төмен бағаға сатып алуға болады. Ол үшін «Е-Қазына» мемлекеттік мүлік порталында өтетін онлайн саудаға қатысу қажет. Сатылымның шарты бойынша, бір лоттың, яғни әр телефонның бастапқы бағасы 480 мыңнан басталады. Ал қатысушылар үшін кепілдік жарнасы 72 мыңның айналасы. Аукцион 8 шілде күні өтеді. Айта кетейік, Жанәбіловтерге қатысты дау былтыр тамызда басталған еді. Ұтыс ойынын ойнатқан отбасының басы бәлеге қалып, заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылып, биыл сәуір айында сот үкімі шыққан болатын.

← Все новости