Түркістан облысында бір топ шенеунік міндетін атқарудың орнына күнұзақ құмар ойынның көрігін қыздырған. Мемлекеттік қызмет этикасын бұзғандардың бұл әрекетін Сарыағаш ауданының прокуратурасы әшкере қылды. Заңсыздықтар қызметтік тәртіптің сақталуын талдау барысында анықталған. Бәс тігіп, ойынға қосылған қызметкерлер лауазымынан айырылып тынды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.