Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Көгалдағы хоккейден Азия кубогі басталды

Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Азия кубогі басталды. Онда 20 жасқа дейінгі ерлер құрамалары өнер көрсетеді. Байрақты бәсекеге Корея, Иран, Шри-Ланка секілді 8 елден спортшылар жиналған. Кубок үшін таласқа қазақстандық жастар да жақсы дайындалған. Ұлттық құраманың негізгі бөлігін жетісулық спортшылар құрайды. Бас команда сапында өңірдің 15 хоккейшісі бар. Олардың барлығы көгалдағы хоккейден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары. Сондықтан мамандар кубокқа таласта отандық команданың мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.

ОРМАН МАХМУД, ОБЛЫСТЫҚ КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Талдықорғанда 6-рет үлкен жарысты қабылдап жатырмыз. Азия чемпионатын 6-рет өткізіп отырмыз. Үлкен жарысқа 8 мемлекет қатысып жатыр. Дайындық жақсы. Ендігі мақсатымыз – жоғарғы лигаға жолдама алу. Үздік 4 команданың қатарына кіру.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости