Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Жәнібек пен Канело қашан жұдырықтасады?

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жұдырықтасуға дайын. Қазақстандық спортшы мексикалық жұлдызбен жекпе-жек өткізу үшін супер орта салмаққа ауыспақ. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Алайда Жәнібектің мәлімдемелері соңғы кезде «жартасқа бардым, күнде айқай салдым, одан да шықты жаңғырықтың» керін келтірген. Оған қарсыласы ләм-мим деп тіл қатпады. Айта кетейік, допинг дауымен шақшадай басы шарадай болған спортшы бір жылдан кейін шаршы алаңға қайта оралады. WBO ұйымы боксшыға бірден чемпиондық атағын қорғауды міндеттеді.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости