Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Президент «Айбындықтарға» ризашылығын білдірді

Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сарбаздары лайықты өнер көрсетті. Мемлекет басшысы «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жиынында осылай деді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шара – өскелең ұрпақтың рухын шыңдап, отансүйгіштікке тәрбиелеуде алар орны зор екенін атап өтті. Айта кетейік, биылғы жарысқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 50-ден астам команда қатысты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды.

ОТВ: Сондай-ақ Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды. Мұнда Президент «Айбын» қатысушыларының өнерін тамашалады. Және де Aibyn App цифрлық платформасы таныстырылды. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-зертхана кешенін аралады.

← Все новости