Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Ірі есірткі қоймасы жойылды

Талай жанды есірткіге тәуелді еткендерге тұсау салынды.

Алматыда осы тажалдың ордасына айналған интернет-дүкен әшкере болды.

Полицейлер бұны арнайы операция барысында қолға түсірген күдіктіні тергеу кезінде анықтапты.

Енді құтылмасын білген жас жігіт тәртіп сақшыларына бәрін жайып салған.

Сөйтіп, алдын ала дайындалған 20 жасырын орынды көрсетіпті.

Сақшылар артынша тыйым салынған заттың негізгі бөлігі сақталған орынды тауып, ол жерден 3 келіден астам мефедрон, электронды таразылар және тауарды орап-өлшейтін құралдарды тәркілеген.

Ал ұсталған азамат интернет-дүкеннің қоймашысы болып жұмыс істеген екен.

Ол есірткіні ірі партиямен қабылдап, оны кішігірім дозаларға бөліп, таратушыларға үлестіріп жүріпті.

Қазір осы іске байланысты тергеу жүріп жатыр.

Үсен Астана

← Все новости