Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 68 просмотров

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді

Елімізде саяси науқанның көрігі енді қызады. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтетін болды. Жұрт көптен күткен Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Президенттің пәрменіне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын өткізуге бүгіннен бастап білек сыбана кірісті. Ал Үкімет қажетті қаржыны бөліп, саяси науқанды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Айта кетейік, қыркүйекте жұмысқа кірісетін Құрылтайда 145 депутат болады. Олар партиялық тізім бойынша бес жылға сайланады. Сайлауға әзірге қанша партияның қатысатыны белгісіз. Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партия жұмыс істейді.

← Все новости