Перейти к содержимому
· 7 просмотров

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Табиғи байлыққа ұқыпты қарау – әр азаматтың басты міндеті. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында Премьер-министр осылай деді. Олжас Бектеновтің басшылығымен өткен жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру жөніндегі жоспарлар жан-жақты талқыланды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы біржолғы экологиялық акциялар форматынан экологиялық мәдениет қалыптастыру, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі дәйекті мемлекеттік саясатқа айналды.

Жиын барысында Премьер-министр бірқатар өңір әкімдерінің есептерін тыңдады. Статистикаға сүйенсек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы бастау алған үш жылдың ішінде елді мекендерде 5 жарым миллионнан астам ағаш отырғызылыпты. Ал мемлекеттің бақылауындағы ормандар аумағында 1 млрд-тан астам көшет егілген екен. Отырыс соңында Олжас Бектенов тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

← Все новости