Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Президент Аида Балаеваны қабылдады

Мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелері қалай жүзеге асып жатыр? Ал азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының орындалу барысы қалай? Осы және басқа да маңызды мәселелер Ақордада талқыланды. Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Кездесуде білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарды құру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларын өркендету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Бәрін мұқият тыңдаған Президент Аида Балаеваның берген ақпаратын оң бағалады. Өзекті әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін тиісті ведомстволардың жұмысын одан әрі жандандыру қажеттігін атап көрсетті.

← Все новости