Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Жоғалған адамдар табылды

Маңғыстау облысында әулие-әмбие аралаймыз деп жүріп жоғалып кеткен 3 азамат аман-есен табылыпты. Бірнеше тәуліктен бері байланысқа шықпай қойған соң туыстары оларға дереу іздеу салған екен. Қажетті деректер алынған бойда бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары бас-аяғы 2-3 сағаттың ішінде қиындыққа тап болған азаматтардың тұрған жерін анықтады. Сөйтсек, олардың жолда көліктері батпаққа батып, байланыс жоқ жерде қалып қойған. Жоғалған үшеуді Бейнеу аудандық полиция бөлімінің инспекторлары тапқан екен. Кейіннен бір өлімнен қалған тұрғындар медициналық тексеруден өту үшін Ақжігіт ауылына жеткізілді. Енді олардың жағдайын ақ халаттылар тексереді.

← Все новости