Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымызға айналуы керек. Жаңа Конституцияда табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр. Құжатта қоршаған ортаны сақтау мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Осы ретте отандастарымыз бұл бастамалар қоғамның дамуына жаңа серпін беретініне сенімді.

Қазақстанда экологияны қолдауға келісем. Даладағы қоқысты жинап, тастамау керек деп ойлаймын. Солай біздің Қазақстан тазарақ болады, гүлдер, ағаштар ексек одан сайын таза болады.

Қаланың таза болғаны мен үшін жақсы деп ойлаймын негізі. Алматы Қазақстан бойынша ең сұлу қалалардың бірі.

Табиғатты қорғау заң жүзінде дұрыс деп есептеймін. Себебі ол денсаулыққа, адамның өміріне қажет.

← Все новости