Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Астананың тарихын білесіз бе?

Бас қаланың шежіресі біздің заманымыздан 3 ғасыр бұрын басталғанын білесіз бе? Астанада елорданың тарихы тәпсірленген тамаша кездесу өтті. Басты спикер – жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл. Оның айтуынша, Астана бұл 1997 жылы қазақтың басты қаласына айналған мекен емес, Ғұн империясының қорғаны болған қасиетті орда. Қалаберді, 1838 жылы Кенесары бастаған алғашқы ұлт-азаттық көтерілістің де дәл осы шаһардан өріс алуы тегін емес екен. Зиялы қауым өкілдері мен әдебиетсүйер қауымның басын біріктірген іс-шара «Қаламгер ұстаханасы» жобасының аясында ұйымдастырылыпты.

АЛДАН СМАЙЫЛ, ЖАЗУШЫ, ПУБЛИЦИСТ:

Бұл Ақмола деген сөзден шошиды көбі, мола деген сөзбен байланыстырып. Бірақ бұл ертеде, біздің дәуірімізден 3 ғасыр бұрын болған Ғұн империясының кезінде салынған қамалдың аты. Ол мына Тай төбе деген жер, қаламыздың іргесінде тұр. Ақ – батыс, мола – қорған деген сөзді білдірген. Ғұн империясының үлкен қамалы болған осы жер. Міне, содан бастау алған қала.

Алдан Смайыл жәй ғана жазушы емес, Ақмоланың атын қайтаруға мұрындық болған қайраткерлердің бірі. Ол 1992 жылы 6 шілдеде тарихи әділдік орнағанын бүгінгі буынның ұмытып бара жатқанына қынжылады. Жазушы саналы ғұмырында қазақтың тарихына өлшеусіз үлес қосқан. Ел тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі ашаршылық жайлы толғаған «Тамұқтан келген адам» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

ЖОЛТАЙ ӘЛМАШҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ:

Жан-жақты қазып жазған, ізденіп жазған. Қай тақырыпты алса да, соның түбелеп, тамырлап, бұл тақырып нені меңзейді, қайдан шығады, бастауы қайдан болады деген сияқты салаға үңгіп жазатын бірегей қаламгер. Осы 80 жас ғұмырында қазақ журналистикасына, қазақ әдебиетіне, қазақ жазу өнеріне, қазақтың сөз өнеріне адал болған кісі.

← Все новости