Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Балалар ауруханасының қоршауы сурет галереясына айналды

Алматыдағы суретшілердің бәрі ауруханада жүр. Ауырып қалған жоқ, уайымдамаңыз. Олар науқастарды қуанту үшін ерекше тосын сый жасап жатыр. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұнжырғасы түскен сырқат жандардың емес, көңілі көтеріңкі адамдардың ордасына айналады дейді.

Сұр қабырғалар жарқын түске айысты. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының аумағында суретшілер ұзын қоршауды ашық аспан астындағы үлкен көркем галереяға айналдырып жатыр. Мұнда мультфильм, аниме кейіпкерлері балаларға үміт сыйлап, жүздеріне күлкі ұялататын түрлі көріністер бейнеленуде. Суретшілер жобаға өз еркімен қосылған. Олардың мақсаты – аурухана қабырғаларын жарқын етіп, кішкентай емделушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

САМАТ РАМАЗАНОВ, ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:

Жастар мен көркемсурет мектебінің түлектері келеді. Студенттердің өздері де бар, бірақ ең бастысы, олар нағыз суретшілер, және оларда өте керемет, орасан зор тәжірибе бар. Ал біздің серіктестеріміз ең қажетті заттарды сатып алып берді.

Жобаға жас суретшілермен қатар, көше өнерінің танымал шеберлері де қатысуда. Солардың бірі – Қырғызстаннан келген суретші Виктор Цой. Ол бұл панноға кішкентай батыл қыздың бейнесін салып жатыр. Сурет балаларға өзіне сенуге және өмірдің қиындықтарын еңсеруге жігер береді.

ВИКТОР ЦОЙ, СУРЕТШІ:

Суретші Бэнксидің өте танымал «Әрқашан үміт бар» деп аталатын суретінің интерпретациясы. Яғни орыс тілінде «Әрқашан үміт бар» дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта емделіп жатқан балалар үміттің әрқашан бар екенін түсінуі үшін осы суреттің осында болуын қалаймын.

Ал құрбылар Валерия Вдовенко мен Екатерина Авдеева қоршауға «Мадагаскар» мультфильмінің кейіпкерлерін бейнелеуде. Олардың айтуынша, сүйікті кейіпкерлер кішкентай науқастардың көңілін көтеріп, ауруханадағы күнделікті өмірден аз уақыт болса да назарын аударуға көмектеседі.

ВАЛЕРИЯ ВДОВЕНКО, КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен адамдарға көмектесуді жақсы көремін, және бұл өте белсенді жұмыс. Мен суретшімін және сурет салуды жақсы көремін. Маған ғажайып туындылар жасау ұнайды.

Еріктілер жұмысты бірнеше күнде аяқтауды жоспарлап отыр. Одан кейін ұйымдастырушылар жаңа арт-нысанның салтанатты ашылуын өткізбек.

← Все новости