Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Астанада халықаралық қымыз фестивалі өтеді

Алдағы сенбі-жексенбіде Астанадағы «Қазанат» ипподромында BaiQymyz-2026 фестивалі өтеді.

Бұл іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұлттық сусынды өндірушілер келеді. Тіпті Қырғыз және Саха республикаларының қымызын іше аласыз.

Қонақтар дәм татып қана қоймай, оны әзірлеу барысымен танысады. Халықаралық байқауда ең үздік қымыз баптайтын азаматтар анықталады.

Фестиваль билеттерін ресми сайттар арқылы сатып алуға болады. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.

← Все новости