Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді.
Ол көпшіліктің сүйікті фильміне айналып үлгерген «Құдіретті сауыт: Ультиматум» картинасының түсіріліміне қатысады.
Халықаралық жобаның ресми ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі мен Алматы қаласының әкімі қатысты.
Аида Балаева аты аңызға айналған актерді Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтап, оның екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып жүрген үлесін жоғары бағалады.
Бұл жоба отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға болмақ.
Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі фильмнің әсем қала Алматыда түсірілуі шаһардың туристік әлеуетін танытып, ішкі туризмнің дамуына да серпін береді деп күтілуде.