Перейти к содержимому
· 22 просмотра

Ер адам мешітте телефон ұрлады

Астанадағы мешіттердің бірінде таң намазынан кейін ұрлық болды.

Жәбірленуші құлшылықтан соң демалып, телефонын қуаттағышқа қосып, ұйықтап кетеді.

Мешітке келген өзге қонақ осы сәтті пайдаланып, ешкімнің байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған гаджетті жымқырып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Алайда ұры ғибадатханадағы бейнебақылауды ескермеген. Тәртіп сақшылары бейнежазбалар арқылы күдіктіні сол күні анықтап, құрықтапты. Ол 25 жастағы ер адам екен.

Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қуат Құдайберген

← Все новости