Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Президент Бектеновтің есебін тыңдады

Бес жылу электр орталығы аса жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарылып, үшеуі «жасыл» аймаққа ауыстырылды. Бұл жайлы Ақордада Президенттің қабылдауында болған Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл 9 энергия блогы, 55 қазандық және 51 турбина жөнделіп жатыр. Бұл жұмысқа 384 миллиард теңге бөлінген. Ал жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді.

Кездесуде Бектенов экономиканың жай-күйі жайлы да айтты. Оның сөзінше, жарты жылда жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі, көлік саласы, құрылыс, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, байланыс қызметінде ілгерілеу бар.

Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны төмендету, туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді. Бұдан бөлек, жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар, яғни заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту жайлы да айтылды.

← Все новости