Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Диқандарды қолдауға 65 млрд теңге бөлінді

Биыл диқандарды қолдауға 65 миллиард теңге бөлінеді. Бұл жайлы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» хабарлады. Қазірдің өзінде бұл қаржының 51,6 миллиард теңгеден астамы фермерлердің қолына тиіпті. Бұл көмек екі түрлі жолмен көрсетілуде. Мәселен, шаруалар жинаған өнімін мемлекетке өткізген соң қаражат қайта айналымға түседі. Ал бұл ақша сосын аграршыларды қаржыландыруға қайта бағытталады. Бір сөзбен айтқанда, бюджетке салмақ түспейді. Мамандар бұл тетіктің халыққа пайдасы зор дейді. Өйткені ауылдағы ағайын жұмыспен және қажетті ақшамен қамтамасыз етіледі. Ал мемлекет қамбасын астық пен жем-шөпке толтырып алады.

Қоймада өнім көп болса, сөрелердегі нанның, ұнның және өзге де негізгі азық-түліктің бағасы қымбаттамай, тұрақты болады, — дейді корпорациядағылар.

← Все новости