Сіз бен біз алаңсыз жүргенде, күштік құрылымдар кірпік қақпай қауіпсіздігімізді бақылауда. Діни радикалдар төрт жыл ішінде елімізде 10 теракт жасап, ойран салмақ болған. Алайда қаскүнемдердің дегені болмады, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жымысқы әрекеттің бәрінің жолын кесіпті. Лаңкестер тіпті зорлық-зомбылық акциясын ұйымдастыруға оқталған екен. Комитет төрағасы Ермек Сағамбаевтың айтуынша, осы уақыт аралығында пиғылы теріс 300-ге жуық адам сотталып, террористік қызметке қатысы бар 1800-ден астам шетелдік елге кіруден қалған. Сондай-ақ 100 мыңдай әсіре діни сілтеме бұғатталыпты.
4 жылда 10 лаңкестік әрекеттің жолы кесілген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрт жыл ішінде 10 лаңкестік әрекеттің жолын кескен.
Поделиться:
← Все новости